Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері орман қоры аумағында 60 өрт, жалпы көлемі 16,7 мың гектар және дала алқаптарының 445 жануы тіркелді, ауданы – шамамен 3 мың га. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов осындай мәліметтерді жария етті.