Талантты, өршіл, жігерлі, позитивті және үлгі боларлық белсенділерді іздеу. «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасын ұйымдастырушылар қазақстандық жастарды өздерінің жетістікке жету тарихымен бөлісуге шақырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Болашақ» қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары Әлішер Дүнгенин мәлімдеді. Қауымдастық «Кәсіби тану» және «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобалары аясында «Азаматтық және құқықтық бастамаларды дамыту» ҚҚ серіктесі болып табылады.