2021 жылға арналған сатып алу жоспары бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн. теңге, оның ішінде ТМККК – 1,1 трлн. теңге, МӘМС – 700 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов хабарлады.