Ұлттық жобаға кірмеген қосымша 30-дан астам іс-шарадан тұратын жоспар әзірленді. Олар бәсекелестікті дамыту үшін маңызды, деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Бұл жеке теміржол тасымалдаушыларын, байланыс операторларын және субсидия алушыларды ұлғайту, сондай-ақ бизнеске қойылатын талаптарды қысқарту.