Бірыңғай күнтізбелік жоспарға сәйкес 2020 жылы ұлттық команданың спортшылары 190 халықаралық және 207 республикалық спорттық жарыстарға қатысты, оның ішінде 6 халықаралық деңгейдегі жарыс Қазақстан аумағында өткізілді. Еліміздегі және шетелдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеулерге қарамастан, 2020 жылы қазақстандық спортшылар әр түрлі деңгейдегі 217 медаль жеңіп алды. Салалық министрлік басшысы отандық спортшылардың жетістіктерімен бөлісті.