Мәдениеттің даму концепциясы бойынша Қазақстанда алғаш рет кинематография туралы заң қабылданды. Осы заң аясында кинематографияның дамуына өзінің оң әсерін келтіретін өте жақсы нормалар енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Оның айтуынша, құжатта салық төлеу нормалары, кинматографияны одан әрі ілгерілету бойынша нормалар қарастырылған.