«QazVac» вакцинасының өндірісі қай деңгейде? Отандық екпе шығару жұмысы жолға қойылғаннан кейін оны экспортқа шығару жоспарда бар ма? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды. ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, қазіргі кезде «QazVac» вакцинасының айына 50 мың дозасы шығарылады. Ал вакцина шығаратын зауыт іске қосылған соң бұл көрсеткіш арта түспек.