Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістік жарақаттануды төмендету ҚР Үкіметінің және ЕХӘҚ министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда, дәлірек айтқанда 2016-2020 жылдар аралығында өндірісте зардап шеккендердің саны 10,7% (оның ішінде 1683 адамнан 1500 адамға дейін), оның ішінде қайтыс болғандар саны 16,2% төмендеген. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ЕХӘҚ министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов осындай мәліметтерді жария етті.