Президенттің тапсырмасымен еліміздің кәсіпорындарында «Халықтық бақылау» жобасын енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. 2796 кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша стандарттарды енгізді. Жұмыс орындарында еңбек жағдайының нақты күйіне жалпы баға беру және аттестация нәтижесі бойынша еңбекті қорғау бойынша кешенді шаралар жүргізу мақсатында 2020 жылы 3397 өндірістік объект аттестатталды. Бұзушылықтар жойылмай тұрып мемлекеттік еңбек инспекторлары 207 лауазымды адамды жұмыстан босатты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов осындай мәліметтерді жария етті.
Президенттің тапсырмасымен еліміздің кәсіпорындарында «Халықтық бақылау» енгізу жалғасуда
Тегтер:
сот төрелігі