Елбасының бастамасымен жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі. Отбасылық конкурстың мақсаты – рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттау, отбасын құрудағы ұлттық құндылықтарды сақтау. Конкурс бала тәрбиесі, үлкенді сыйлау, ата-аналарға қамқорлық, ұлттық тәрбие бағытындағы халықтың дәстүрлерін жастардың бойына сіңіруге бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ляззат Сүлеймен мәлім етті. Биыл конкурс 7-ші рет ұйымдастырылады.