«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын танымал ету және қатысушыларды қамтуды ұлғайту мақсатында конкурсқа қатысуға өтінімдерді отбасылардың өздерінен басқа, жергілікті атқарушы органдары және заңды тұлғалар енгізе алады. Сонымен қатар, өңірлік кезеңдегі барлық отбасылар үлгілі болып табылғандықтан жоғары еңбек спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері болғандықтан республикалық деңгейдегі конкурс лауреаты атағы барлық 17 жеңімпаз отбасына беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов хабарлады.