Тәуелсіздік алған жылдардан мемлекет тарапынан білім алуға, шығармашылығын дамытуға, еңбектенуге ұмтылған жастарды қолдау мақсатында бірқатар бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда. Олардың бірі ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының бастамасымен тағайындалған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы. Осы жылдар ішінде 294 адам сыйлық иегері атанды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов мәлімдеді.