Агроөнеркәсіптік кешенде 2022-2026 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, сүт өнімдері, дәнді және майлы дақылдарды өндіру мен өңдеу бойынша жеті ірі экожүйе қалыптастыру жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен есеп беру брифингінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.