Алматы облысында 125 мың шағын және орта бизнес субъектісінде 275 мың адам жұмыс істейді. Шағын және орта бизнесте өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 11% өсіп, 1,8 трлн. теңгеге жетті, ал ШОБ-тың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 34% болып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімі Амандық Баталов мәлім етті.