Өткен жылы облыс тұрғындарының 59%, яғни 1,2 млн. адамның газға қосылуына мүмкіндігі болды. Биылғы жылы тағы 23 елді мекенде осындай жағдай жасалып, көрсеткіш 61%-ке жетеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.