Алматы облысында 7 мектеп іске қосылды, соның төртеуі үш ауысымды мектептердің орнына пайдалануға берілді. Биыл 28 мектептің құрылысы жоспарланған, соның 19-ы – үш ауысымды мектептің орнына салынып жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру барысында өңір әкімі Амандық Баталов мәлім етті.