Талдықорған қаласының облыс орталығы болғанына 20 жыл толды. Осы жылдар аралығында қандай елеулі өзгерістер орын алды? Бүгін Орталық комуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында өңір басшысына журналистер осындай сұрақ жолдады. Амандық Баталотың айтуынша, осы күнге дейін шаһарда бірқатар заманауи нысандар бой көтеріп, халық саны артқан.