Оңтүстік өңірлерде тағы да су ресурстарының тапшылығы болады деп күтілуде. Өзекті мәселені шешу үшін бірнеше министрлік бірлесіп жұмыс істеуде. Ауыл шаруашылығы ведомствосы екі бағытты жүзеге асыруға ниетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлімдеді.