Олимпиадаларды өткізу рәсімдерінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру тәсілдері өзгертілді. 2021 жылға дейін қолданыста болған Олимпиадалар тізімінде 56 олимпиада мен конкурс болды. Енді 175 іс-шара. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.