2021 жылы Қызылорда облысында 2600 орындық 6 мектеп, оның ішінде 800 орындық 2 жеке мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 3750 орындық тағы 5 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баяндады. 48 мектеп қайта жаңғыртылады.