Маңғыстау облысы соңғы 3 жылда тұрғын үй құрылысы бойынша республикада үздік үштік қатарына енді. Өңірде құрылыс жұмыстары жеке тұрғын үй құрылысымен қатар мемлекеттік бағдарламалар арқылы қарқынды жүргізілуде. 5 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 9,1%-ға өсіп, 55,5 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.