Қазақстанмен шекаралас елдерде эпидемиологиялық ахуал өршіп тұр. Шекарада карантин күшейтілді ме? Әлде ПТР тест арқылы барыс-келіс тоқтамады ма? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлерге осындай сұрақ қойылды. ДСМ өкілдерінің айтуынша, пандемия басталғалы барлық шекараларда шектеу шаралары күшейтілді.