Еліміз тәуелсіздік алғалы дарынды балалар мен жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету әрдайым мемлекет басшылығының ерекше назарында. Осы мақсатта 2019 жылдан бері Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ел Үміті» бастамасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама аясында ауыл мектептерінде білім алып жүрген балаларды дамыту және ынталандыру бағытында бірқатар жобалар қолға алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Елбасы Aкадемиясы» КҚ басқарушы директоры Әнуар Жанғозин хабарлады. Олимпиаданы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы БҒМ қолдауымен ұйымдастыруда.