Шығармашылық үйірмелердің бекітілген тізіміне 9 бағыт бойынша 59 түрі енгізілді. Ең көп үйірме Алматы облысында тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова мәлім етті.