227,5 млрд теңге. Бұл Екібастұздың индустриалды аймағында жұмыс істеуге дайын инвестициялық жобалардың жалпы құны. Энергия блоктарын жаңғырту жедел қарқынмен жүргізілуде. Бұл облыс пен елдің өсіп келе жатқан экономикасын қажетті қуатпен қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай деректерді Павлодар өңірінің басшысы Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде жария етті.