Жамбыл облысында үкіметтің қолдауымен үш су қоймасын салу көзделген. Бұл өңірді қосымша 120-150 млн текше метр сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады.