2020 жылы тарихта алғаш рет 5 мәдениет ұйымына Президент Жарлығымен «Ұлттық» мәртебесі берілді, олардың ішінде М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті. Сондай-ақ мәдениет ұйымдарының кәсіби деңгейін көтеру және ерекше мәртебе беру мақсатында Тәуелсіздік жылдары 9 театрға Үкімет қаулысымен «Академиялық» мәртебесі берілді.