ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Астана күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан театрлары арасында шығармашылық кездесулер өткізеді. Басты мақсат – театр өнерімен тәжірибе алмасу. Ауқымды іс-шара жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жарияланды.