Қазақстанда вакцинациядан кейін 1 437 адам коронавирус жұқтырған. Бұл төмен деңгей – 0,05%. Өндірушінің өзі вакцинаның тиімділігі 92% құрайды дейді, яғни 100 адамның 8-і ауырып қалуы мүмкін. «Спутник V» вакцинасының бірінші дозасынан кейін 979 адам, «Hayat-Vax»-тан кейін 35 адам және «QazVac»-тан кейін 8 адам ауырған. Бұл көрсеткіштер вакцинацияның тиімділігінің жоғары екендігін растайды. Яғни, екпе алған 2,9 млн адамның 1437-сі ғана сырқаттанған.