727 адам COVID-19-бен қайта ауырды. Ауырған адам қайта ауырмайды деп ойлау дұрыс емес. Көп адамдар қайта ауырады, қатты ауырады, өкінішке орай, жан тапсырады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай мәліметтерді келтірді.