Әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын 124 мыңға жуық алматылық қолдау шараларымен қамтылған. Бұл мақсатты іске асыру үшін 25 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.