2021 жылдың басынан бері мемлекеттік инспекторлар 1 800-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 23,2 млн теңге айыппұл салды. Ал еліміздің батысында ІІМ бөлімшелерімен және ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп ұйымдастырылған «Бекіре» көктемгі акциясының қорытындысы бойынша 862 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 56 қылмыстық іс қозғалды. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЭГТРМ балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов келтірді.