Бүгінгі таңда, әлемде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, бірақ ұлты қазақ 5 млн-ға жуық отандастарымыз бар. Олардың көбінің Қазақстан университеттерінде жоғары білім алғысы келеді. Халықаралық білім беру корпорациясының call-орталығына, мессенджерлер мен, әлеуметтік желі беттеріне шетелдік отандас-талапкерлерден мемлекеттік гранттарға қатысты көптеген сауалдар келіп түсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте корпорацияның бірінші проректоры Қайыржан Меңдіғалиев мәлімдеді.