Коронавирус вакцинацияның артуы жағдайында белсенді түрде өзгере бастайды. Сарапшылардың пікірінше, коронавирустың дельта нұсқасы «британдық» және басқа да түрлеріне қарағанда 60% жұқпалы, дельта нұсқасын жұқтыру салдарынан ауруханаға жатқызу мен өлім қаупі едәуір артады. Бұл туралы профессор-иммунолог, Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.