Соңғы тәулікте елімізде 2016 КВИ+ және 83КВИ– жағдайы тіркелді. Жалпы, індет жұқтырғандар саны 423 137, ал ықтималдылығы жоғары пневмониямен қатар жүретін жағдайлар саны 57 025 құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталған ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева мәлімдеді.