Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады. Оның мәліметінше, ағымдағы жылдың 5 айында пандемияға немесе карантиндік шектеулерге қарамастан мемлекеттің дер кезінде қабылдаған шешімдерінің нәтижесінде экономика салаларында өсім тіркелуде.