Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік жеңілдікті пәтер салынады. Соңғы үш жылдың ішінде қолжетімді тұрғын үй саны 5,5 еседен астам ұлғайды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қолжетімді баспана құрылысының қарқыны, тұрғын үй сертификатының көлемін ұлғайту және қатысушылар санатын кеңейту туралы баяндады.