Эпидемиологиялық жағдай күрделі, маусым айының басында төмендеді, тәулігіне шамамен 100-110 оң тест жасалды. Қазір күрт өсу байқалады. Бүгін 678 тест нәтижесі оң болды. Санитарлық дәрігерлер қосымша шектеу шараларын қабылдады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәжбүрлі шаралар туралы баяндады.