2020 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 108 млрд кВтсағ құрады. Бұл ретте 107,3 млрд кВтсағ электр энергиясы тұтынылды. Бұл елдің электр энергиясына деген қажеттілігін толық жабылғанын көрсетіп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев осылай деді.