2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді. Ол 2020 жылдың 29 маусымында қабылданды. Жаңа кодекспен «Әкімшілік әділет» ұғымы енгізіледі. 1 шілдеден бастап азамат пен әкімшілік органдар арасында туындайтын барлық жария-құқықтық даулар ерекше тәртіппен қаралатын болады. Жаңа кодекс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында қабылданды.