Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде азаматтармен «кері байланысты» қамтамасыз ететін рәсімдік кепілдіктер бекітіледі. Әділет министрлігінің ақпаратына сәйкес, азаматтың мұндай кепілдігі оның өтініші бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.