Іс жүргізу мәжбүрлеу шараларының бірі ретінде ақшалай өндіріп алу енгізіледі. Іс жүзінде сот даулары барысында мемлекеттік органның өкілі сотқа келмейді. Бірақ іс қаралып, көбінесе мемлекеттік органның пайдасына шешіледі. Енді сотқа «шақыруды» ескермегені үшін жазалайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин мәлім етті.