2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді. Оның нәтижесінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс түбегейлі өзгереді – оларды бақылау үшін «Е-өтініш» электрондық жүйесі енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.