Пандемия жағдайында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыспен қамтуды және халықтың табысын сақтау оңай болмаса да, күрделі мәселелер шешімін табуда. Алдыңғы жылдағы оң макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, 2020 жылы жалпы өңірлік өнімнің 2% астам өсіміне қол жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті.