Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты басты басымдық болып табылады. Бұл тұрғын үй мәселелерін шешумен тығыз байланысты. Ағымдағы жылы Қостанай облысы 4,5 мың пәтер, яғни жарты миллион шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша міндеттеме алды. Өсім шамамен 18% құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкім Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.