Биыл 4 шілде күні «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында Astana Opera халықаралық опера академиясының тұсаукесері мен салтанатты ашылуы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті. Шара барысында итальяндық, моңғол, қырғыз, чех өнер жұлдыздары өнер көрсетеді. Astana Opera халықаралық опера академиясының ашылуы «Астана Опера» опера труппасының солистеріне, сондай-ақ жас опера әншілеріне, дирижерлерге, пианистерге жоғары білікті мамандардан білім ала отырып, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.