Еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік өмірінде мәдениет саласының алар орны ерекше. Қазақстандық хореография өнерінің ұдайы дамуы да – мемлекеттің осы бағыттағы саясатының жемісі. Қазақстанда балет театрының пайда болғанына 90 жыл. Әрине, әлемдік балет мектептерінің жылнамасымен салыстырғанда, бұл бір ғана белес көрінер. Әйткенмен, осы қысқа мерзімнің өзінде қазақ балет өнері талай асудан өтті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Астана Балет» театрының директоры Александр Савостьянов мәлімдеді.