87-ші театр маусымында 120 театрлық іс-шара, 5 премьералық спектакль, 2 фестивальдік жоба, 24 балалар іс-шарасы өтті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Тайыр Қаратаев мәлімдеді.