2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Токиодағы (Жапония) 2021 жылғы Олимпиада ойындарының Ту ұстаушысы Ольга Рыпакова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде Ұлттық Олимпиада комитетіне пандемия жағдайында дайындалуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді. Спортшы ұлттық құраманың әр мүшесі Олимпиадада лайықты өнер көрсету үшін бар күшін салатынына үмітін білдірді.