Елордада 26 маусым – 5 шілде аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көкпардан «ҚР көкпар федерациясының кубогі» республикалық турнирі өтуде, 3-4 шілде күндері «Өнер көкпары» республикалық турнирі, 5 шілдеде бәйге түрлерінен «Елбасы кубогі» республикалық турнирі ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мәлімдеді.